Бейсенбі, Мамыр 5, 2022

Фотообъектив айыптайды КӨРГЕН КӨЗДЕ ЖАЗЫҚ ЖОҚ

Басқада

Қаламыздың шағын аудандарының аулаларында қоқыс салатын мына контейнерлерді көрген адам  таң қалмай өте алмайды. Өткен жылы салынып пайдалануға берілген төбесі жабылған қоршаудың ішіне күні бүгінге дейін бір де бір контейнердің орналаспағанын ары-бері өткенде көріп жүр. Қызықтың нағыз көкесі де – осында. Егер, оның астына қоқыс салатын контейнерлер қойылмаса, аялдамаға ұқсас бұл лашықты жобалағандар мен оны құрылысын жүргізгендер сонда қандай мақсатқа лайықтап салған? Не үшін?

Қоқыс салатын жәшіктерд күннің ыстығы мен  жауын-шашыннан қоғау мақсатында жасалған ба  дейін десең, бұған жуықтай қоймайды. Себебі, контейнерлер сыртта «мені көрдіңдер ме» дегендей жұртқа маңғаз қарап  алшақ тұрғанына да көп айдың жүзі болды. Бұл нысанның қоқыс төгушілерге арналған деудің де қисыны келмейді. Оның астында орындық та,  тағы басқа түрғындарға  қажетті  дүниелер   орнатылмаған.

Сондай-ақ, тұрмыстық қалдықтардың уақтысында шығарылмайтындығына мына сурет айғақ. Тұрғындардың тазалыққа деген мәдениетінің төмендігін жоққа шығаруға болмас. Бірақ контейнер маңына қоқыс қалдықтарының тау болып үйіліп жатуына осыған жауапты мекеменің жауапсыздығы десек, дұрысырақ болар. Салғырттық, немқұрайдылық демей көр. Яғни, бұл қоқыстар бір аптаның жиынтығы емес. Контейнерлердің тұсына видеокамералар орнатып, тазалыққа немқұрайлы қарайтындарды жауапкершілікке шақырып, айыппұлдар төлету жайында бұрынырақта айтылған. Бірақ айтылған сөз қағаз жүзінде қалып қойған соң амал қайсы?!

 Сонымен, «баспанасы» бар контейнерлер ашық-шашық далада неғып тұр? Бұл сауалдың  толыққанды жауабын қалалық тұрғын үй  – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы  мемлекеттік мекемесінен күтеміз.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img

Жаңалықтар