Четверг, 28 марта, 2024

Басқада

104 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕ ДАУЫС БЕРДІ

Қонаев қаласының қарт тұрғыны Мұқсина Қалдыбаева өз ғұмырында елімізде өткен барлық сайлауларға қатысып, белсенділік танытқан әже. Бұл жолы да өз үрдісінен жаңылмай саяси науқанның ардагері атанды.

№397 сайлау учаскесінің мүшелері 104 жастағы Мұқсина әжейдің үйіне барды. 10 бала тәрбиелеп өсірген әже бүгінде немере, шөбере, шөпшек сүйген асыл сүйекті ардагер сайлаушы бұл жолы да өз таңдауын жасап, дауыс берді.

-Бұған дейін де көптеген сайлауға қатыстым. Бұл сайлау науқаны да ойдағыдай өтеді деп үлкен сенім артамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,- деді. Сонымен бірге, әжей алдағы уақытта халқымыз бұдан да жақсы кездерде өмір сүреді деген сенімінің бар екенін жеткізе келе батасын беріп, елде жақсылықтың толастамауын тіледі.

Жаңалықтар | Новости