Четверг, 28 марта, 2024

Басқада

АУЫЛ ӨРКЕНДЕСЕ ЕЛІМІЗ ДЕ ӨРКЕНДЕЙДІ

Бейсентай ҚАШАҚБАЕВ,
Қосқұдық ардагерлер кеңесінің төрағасы,
Қонаев қаласының Құрметті азаматы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев: «Мен сайлауалды сөздерімде ауылды өркендету ісіне баса назар аудардым. Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоямын. Осы құжат арқылы Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Бұл менің жаңа президенттік мерзімдегі бірінші Жарлығым болады. Үкімет ауылды дамытуға арналған барлық жобаны жүйелі түрде реттеп, жинақтауға тиіс. Содан кейін мақсатты түрде тиімді жұмыс жүргіземіз»,-деп ұлықтау рәсімінде айтқан сөзі барлық ауыл адамдарының көкейлерін дөп басан өзекті мәселенің бірі еді.
Қонаев өңіріндегі Қосқұдық ауылында тұрып жатқан біздер Мемлекет басшысының Үкіметке алдағы бес жылға ауылды дамытуға нақты жоспар әзірлеуді тапсыруы үміт отымызды жаққандай болды. Өйткені 2003-2005 жылдары «Ауылды дамыту» туралы бағдарламасынан кейін ауылға Үкімет тарапынан елеулі көңіл бөлінбеді. Ауыл адамдары жұртта қалғандықтан өз күндерін өздері көріп кетті. Балабақшалар мен мәдениет үйлері, басқа да әлеуметтік нысандар жұмыстарын тоқтатқанан кейін ауыл адамдары да жұмыс іздеп қала жағалап кетті.
Ауыл жағдайы жақсарса, халықтың да тұрмысы түзеледі. Ауыл өркендесе, еліміз де өркендейді. Қалаға кеткен жерлестеріміз қайтадан ауылға оралатын болады. Президенттің берген тапсырмасын орындауға Үкімет бел шешіп кіріссе, алынбайтын қамал болмайды. Ауыл ақсақалдары мен тұрғындары осы тоқтамға келіп отыр. Артының қайырын берсін дейміз.

Жаңалықтар | Новости