Мұндай түйінге келуге облыс әкімдігі мен аймақ мәслихатының «Алатау қаласының шекарасын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен шешімі түрткі болды.
«Алматы облыстық мәслихаты шешімінің және Алматы облысының әкімдігі қаулысының қосымшасына сәйкес Алатау қаласының шекарасы (шегі), оның шегіне жалпы ауданы 88267,0086 гектар Қонаев қаласының, Іле және Талғар аудандарының кейбір жерлерін қоса отырып, белгіленсін», делінген құжатта.
Алдағы уақытта Алатау қаласының құрамына Қонаев қаласынан 10937,0052 гектар, Іле ауданынан 65213,0004 гектар және Талғар ауданынан 12117,003 гектар жер телімі өтеді.
Құжат қоғамдық талқы үшін Ашық НҚА сайтына 23 шілдеге дейін орналастырылды.