Пятница, 20 сентября, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Алматы облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 53 білім ұясы салынады

Алматы облысында үш ауысымды мектеп мәселесі өте өзекті. Осыған орай, «Жайлы мектеп» жобасы негізінде 54 600 оқу орнын құрайтын 53 білім мекемесі салынадыдеп күтілуде. Жоспарға сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін 26 мектеп қолданысқа өтуі керек.
Жаңадан меткеп салынып жатқан аудандардың қатарында Қарасай ауданы да бар. Аудандағы Көкөзек, Алмалыбек ауылдарында — 1500, Қошмамбет ауылында -1200 орын санын қамтитын мектеп құрылыстары қарқынды жүргізілуде.

Білім басқармасының мәліметінше, 2023-2024 жылдар аралығында 26 мектеп, 2024-2025 жылдары 27 мектеп салу жоспарланған.

Еске саламыз, «Жайлы мектеп» нысандарының құрылысы жөніндегі дирекциясы — «Samruk Kazyna Construction» АҚ болып үкімет қаулысымен қабылданған болатын.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke