Пятница, 20 сентября, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІНІҢ ЖАРШЫСЫ

6 ШІЛДЕ КҮНІ ҚАРҚАРА ЖАЙЛАУЫНДА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТКЕН «ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ» МЕРЕКЕСІ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗДІ ДӘРІПТЕУ МЕН ЕЛ АРАСЫНА КЕҢІНЕН НАСИХАТТАУДЫҢ АЙҚЫН ДӘЛЕЛІ БОЛДЫ. БҰЛ ШАРА ЖОЛАН ЫБРАЙАХЫНҰЛЫН ЕСКЕ АЛУ МАҚСАТЫМЕН ӨТКІЗІЛДІ. ІС-ШАРАҒА 4 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ, ОЛАРДЫҢ ІШІНДЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛАН ӘБДІРАХЫМ, ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ АСХАТ БЕРДІХАНОВ, ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ЫСТЫҚКӨЛ ОБЛЫСЫ ТҮП АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАНЫБЕК ӘБИЕВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ, ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР, АҚСАҚАЛДАР МЕН АРДАГЕРЛЕР, АНАЛАР КЕҢЕСІ, ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР ЖӘНЕ БАҚ ӨКІЛДЕРІ БОЛДЫ. МЕРЕКЕ АЯСЫНДА ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ЖАРҚЫН КӨРМЕЛЕРІ, ТҮРЛІ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР МЕН «ТОПЖАРҒАН» ЭТНООРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗЫҚТЫ ШОУЛАРЫ ӨТТІ. БАС ЖҮЛДЕ РЕТІНДЕ ҮШ КӨЛІК ОЙНАТЫЛДЫ. КӨРЕРМЕНДЕР ҮШІН РАМАЗАН СТАМҒАЗИЕВ, ҰЛТУ ҚАБАЕВА, СӘКЕН МАЙҒАЗИЕВ ЖӘНЕ МҰҚАСАН ШАХЗАДАЕВ СИЯҚТЫ ТАНЫМАЛ ӘНШІЛЕР ӨНЕР КӨРСЕТТІ.

Бұл шараның өткізілуі қазақ мәдениетінің сұлулығы мен байлығын көрсетуге, адамдарды біріктіруге және дәстүрлерді жас ұрпаққа сіңіруге тамаша мүмкіндік болды. Қатысушылар ұлттық тағамнан дәм татып, табиғаттың сұлулығынан ләззат алып, ерекше әсерге бөленді. Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым бұл күннің барлық қатысушылардың жадында қалатынына сенімді екенін атап өтті. Мереке арқылы ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, оларды дәріптеу, жас ұрпаққа жеткізу – басты мақсат болды.


Осы іс-шара аясында «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалы ұйымдастырған «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» атты облыстық ардагерлер қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесіне қатысып, үздік деп танылған Шеңгелді ауылының тұрғыны Джумагулова Жол-дыгүл Көпбайқызымен тілдесіп қайтқан болатынбыз.
Жолдыгүл Көпбайқызы көрмеге қатысу туралы ұсыныс әкімдіктің мәдениет бөлімінен түскенін айтты. Қарқарадағы көрмеге барып, өз еңбектерін көрсетіп, Қонаев қаласының атын шығарып, өзіне де жақсы әсер алып қайтқанын да жеткізді. «Көрмеге тігін тігетін тәжірибелі шеберлер қатысты, әділ қазыларға жеңім-пазды анықтау қиынға соқты. Десе де, менің еңбектерімнің түрлері көп болған-дықтан бас жүлдені жеңіп алдым. Менің көрмеге апарған еңбектерімнің ішінде тігін (қазақи киімдер, бас киімдер), құрақ, кесте, тұмар іспетті жасалған Қонаев атамыздың суреті болды, келгендердің бәрі солармен суретке түсіп жатты», — деді қуанғанын жасыра алмаған әжей.


Жолдыгүл Көпбайқызы Джумагулова 1959 жылдың 15 наурызында Талдықорған өңірінде дүниеге келген. Қазіргі таңда Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылында тұрады. Зейнеткерлікке шықса да, қоғамдық істер мен қолөнерге белсенді ат салысады. Ол «Өрлеу» аналарды қорғау бірлестігінің, Қонаев қаласы Шеңгелді ауылының аналар кеңесінің төрайымы және «Қазақ аналары дәстүрге жол» бірлестігінде ауыл бойынша төрайым болып табылады.
Қолөнер шебері Жолдыгүл Көпбайқызы-ның өмірінде қолөнердің орны ерекше. Ол тек киім тігіп қана қоймайды, ою ояды, кесте тігеді, тоқыма тоқиды. Кезінде анасымен бірге текемет, от киіз де басқан екен. Әрбір жасаған қолөнер бұйымы оның шығармашылық әлемінің бір бөлшегі болып табылады. Әрбір бұйымына жанын салып, әр істі ерекше махаббатпен жасайды. Оның әрбір еңбегінде қазақ халқының бай мәдениеті мен өнері көрініс тапқан.


Жолдыгүл әжейдің үйіне барып, тіккен киімдерін көруде байқағанымыз, оның ең сүйікті тігетін киімі – кимешек екен. Әжейде кимешектердің түрлері сан алуан. Оларды көрсету барысында әрбірінің тарихын, сондай-ақ маңыздылығын баяндап отырды. Қолөнер шебері ұлттық киімдерді тігуді және оларды заманауи стильмен үйлестіріп, ерекше сәнді етуді мақсат етеді. Бұл тек сән емес, ұлттық мұраның қазіргі заманмен ұштасуы, ұрпақтарға жеткізудің бір әдісі. Дәл сол себепті де, қамзолдың ішінен киілетін заманауи стильде тігілген көйлектерін де көрсетті. Көз жауын алатын түрлі-түсті көйлектер мен кеудеше, қамзолдарды көргенде тұла бойыңды қазаққа деген сүйіспеншілік толтырады екен.


Жолдыгүл Көпбайқызы қазақ ою-өрне-ктерінің мән-мағынасына ерекше көңіл бөледі. Әсіресе, «қошқар мүйіз» оюының маңыздылығын ерекше атап өтеді. Бұл ою-өрнек қазақ халқының бай мәдениеті мен рухани құндылықтарын көрсетеді. Қошқар мүйіз оюы байлық пен молшылықты білдіреді, әрі «қошқардай ұл тап» деген мағынасы барын айтты. Оның мүйізі жер шары іспеттес, сондықтан бұл ою-өрнек қазақ оюларының негізі болып саналады. Сонымен қатар, Жолдыгүл Көпбайқызы құрақ көрпенің де маңыз-дылығын айтып өтті. Қыздың жүгін жасағанда құрақ көрпені “басың құралсын, үйің құралсын, мал-жаның құралсын” деп берген дейді. Құрақтың түрлері де әртүрлі мағыналар береді: төртбұрышты құрақ — төрт құбылаң түгел болсын, ши құрақ — жолың түзу болсын дегенді білдіреді. Бұл қазақ халқының құрақ көрпе арқылы өмірлік тілектерін жеткізіп, жаңа отбасына бақыт пен береке тілеуінің белгісі болып табылады. Әр құрақ – өмірдің өзіндей күрделі, түрлі-түсті, әрі әрбір бөлігінің мәні бар. Осы тұста өзі құраған соңғы құрақтарының бірін көрсетті. Онда балық бейнеленген екен. Бұл тек бұрынғыдай қала бермей, ескі әдіспен жаңа үлгілер жасауға болатынын көрсетті. Тек ұшқыр қиялың және шебер қолдарың болса, болғаны.


Қолөнер шебері үшін қазақтың тілін сақтау – оның мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтаумен тығыз байланысты. Ол мәдениет пен дәстүрлердің қатар жүруін, бірінсіз бірін сақтап, дамыту мүмкін еместігін айтады. Бұл ойдың түпкі мәні – тілді сақтау мәдениет пен дәстүрді сақтаудан ажырамайды. Ұлттық киімдер мен ою-өр-нектер, қолөнер бұйымдары – барлығы тілмен, мәдениетпен және дәстүрмен тығыз байланысты. Егер бұл құндылықтар бір-бірімен ұштастырылмаса, олардың әрқайсысы өзіндік мәнін жоғалтуы мүмкін. Бұл байланысты сақтап, дамыту – келер ұрпаққа рухани байлықты жеткізу деген сөз.
Соңғы көрмеде оның ерекше көзге түскен бас киімі «күндік» болды. Ол 7 түстен тұрады: ақ – ақ жол болсын дегенді білдірсе, қоңыр – жер ананы құрметтеу үшін таңдалған, жасыл – жерден өсіп-өніп шығатын өсімдіктерді бейнелейді, сары – бидай мен дәннің символы, көк – аспанның түсі, қызыл – «тіл-көзден сақтасын, ел-жұртым гүлденсін» деген тілекпен қолданылған. Күндіктің төбесінде ою-өрнекпен безендірілген шаңырағы бар, шаңырақты айнала шашақ тұр. Ол қазақтың өсіп-өнсін, тамыры тереңге түссін дегенді білдіреді дейді. Алдына үлкен қошқар мүйізді жапсырып қойған. Бұл бас киім – ұлттық мұраны сақтап, ата-бабамыздан қалған құндылықтары ұмытпау, «оң мен терісті» айырудағы тамаша үлгі.


Жолдыгүл Көпбайқызының әрбір еңбегі мен туындысы – оның жүрегінің бір бөлшегі. Ол өз жұмыстарында ұлттық өнердің құндылықтарын сақтап, оны қазіргі заманның қажеттіліктерімен үйлестіреді. Әрбір ою, әрбір құрақ оның өз халқының мәдениеті мен дәстүрлеріне деген сүйіспеншілігін білдіреді.
Ою-өрнектердің мағынасын толық түсіну үшін әрбір оюдың тарихы мен маңызын білу қажет. Мысалы, «қошқар мүйіз» оюы – байлық пен молшылықтың символы, ал «сынық мүйіз» оюы – береке мен бірліктің белгісі. «Түйе табан» оюы – төзімділік пен шыдамдылықты білдіреді, ал «гүл» оюы – сұлулық пен нәзіктіктің символы. Әрбір оюдың өз мағынасы бар және олар халықтың мәдениеті мен дәстүрлерін көрсетеді.
Жасы 65-ке келсе де, жастардан ширақ қимылдайтын, күш-қуатқа толы Жолды-гүл Көпбайқызынан мұның сырын сұраға-нымызда: «Әрбір адам өз ісін сүйіп, оған жанын салғанда ғана шынайы бақытқа қол жеткізеді. Мен үшін қолөнер тек хобби емес, өмірімнің мәні мен мақсаты. Сүйікті іспен айналысу – бұл жанның тыныштығы мен рухани байлықтың қайнары. Адам ұлттық дәстүрлер мен мәдени етті сақтап, оларды келер ұрпаққа жеткізу арқылы ғана өмірдің мәнін табады. Мен ауырсам да, сырқасам да сүйікті ісімнен бас тартқан емеспін. Керісінше, ол менің шипам, менің емім»,- дейді. Осылайша, еңбек еткен, қимылдаған адамның ешқашан ауырмайтынын жеткізді.
Жолдыгүл Көпбайқызының өмірі мен шығармашылығы арқылы біз ұлттық құн-дылықтарымызды дәріптеудің, сақтаудың және келер ұрпаққа жеткізудің үлгісін көреміз. Оның еңбектері арқылы біз қазақтың бай мәдениетін, ою-өрнектерін және салт-дәстүрлерін дәріптей аламыз. Әрбір бұйымы, әрбір оюы – ұлттық мәдениеттің айнасы, оның рухани байлығының көрінісі.


Қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтау – бұл тек өткенді құрметтеу ғана емес, болашаққа да үлкен үлес қосу. Мәдениет пен дәстүрді сақтай отырып, біз тілімізді, ұлттық ерекшелігімізді және рухани байлығымызды келесі ұрпаққа жеткіземіз. Жолдыгүл Көпбайқы-зының өмірі мен еңбегі осы ұлы мақсатқа қызмет етеді.
Қорыта айтқанда, бұл ерекше жанның өмірі мен шығармашылығы бізге үлкен үлгі. Оның еңбектері тек сән ғана емес, ұлттық мәдениетті сақтау мен дәріптеудің маңызды бір бөлігі. Қолөнердің құдіреті оның қолынан шыққан әрбір бұйымда көрініс табады. Бұл тек әсемдік емес, рухани байлықтың бір бөлшегі. Әрбір жасаған бұйымы арқылы ол қазақтың ұлттық мәдениетін сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізуді мақсат етеді. Жолды-гүл Көпбайқызының шығар-машылығы – қазақтың ұлттық өнерінің көркемдік үлгісі ғана емес, оның рухани байлығының да айғағы.


Жолдыгүл Көпбайқызы сынды талантты, ұлтжанды қолөнер шеберлерінің еңбегі арқылы ұлттық құндылықтарымызды, ою-өрнектерімізді және дәстүрлерімізді сақтау және дәріптеу – әрбір қазақстандық үшін маңызды міндет. Бұл бізге ата-бабаларымыздың мұрасын сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді. Оның шығармашылық жолы – ұлттың рухани байлығын сақтау мен оны болашаққа жеткізу жолын-дағы үлкен үлес. Бұл – тек киім тігу емес, ұлттың рухани байлығын сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізу. Оның әрбір еңбегі – ұлттық мәдениеттің көрінісі, оның құндылықтарын сақтаудың айнасы.


Алтын құрсақты ана, ақ самай-лы әже, қолөнер шебері, қоғам белсендісінің бүгінде бір арманы бар екен. Өзі салауатты өмір салтын ұстанатындықтан, алдағы күндері «Әдемі қартаю» орталығы ашылса дейді. Еліміздің бірқатар өңірінде белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылып, онда зейнеткерлерге арналған йога, жеңіл атлетика, теннис, шахмат, тіл үйрену клубтары, хор, би, тамақ дайындау, қолөнер үйірмелері жұмыс істеп жатыр. Сондай орталықтың Қонаев қаласы зейнеткерлері үшін ашылуын қалайтын әжей: «Тек жастарды ғана ойламай, қаланың қарттарына да сондай мүмкіндік жасалса деймін. Күні бойы үйде қамалып отырғанша, сондай жерде жиналып, бой сергітіп қайтқанға не жетсін?! Менің арманы – осы»,- дейді зейнеткер.
Тағы бір айта кетері, қазақша сәнді заманауи киімдер, ұлттық киімдер қажет болған жағдайда қолы шебер әжейге тапсырыс беру арқылы тіктіре аласыздар. Қазақтың дәстүрін дәріптеп жүрген ананы, осылайша демей аласыздар.

Назерке ИНАҚЫНҚЫЗЫ

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke