Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/8 мекемесінің бастығын құрметті демалысқа шығарып салу

СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/8 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Баженов Айқын Қайроллаұлын Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің қызметкерлері құрметті демалысқа шығарып салды. Іс-шараға Департамент басшылығы, мекеме бастықтары және олардың орынбасарлары, Департамент қызметтерінің бастықтары мен аға қызметкерлері қатысты.

Айқын Баженов 1974 жылы 10 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Корнеевка ауылында дүниеге келген. ҚР ӘМ ҚАЖК академиясының «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1999 жылы жасақ бастығы қызметінен бастады. Қызмет еткен жылдары ЕС-164/3 мекемесінің тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/8 мекемесінің бастығы болып тағайындалды.

СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің бастығы әділет полковнигі Рустан Ахметжанов зейнеткерге құттықтау мекен-жайын, ҚАЖ зейнеткерінің қызметтік куәлігін табыс етті, сондай-ақ адал және мінсіз қызметі үшін алғысын білдірді.

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke