Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Жеке құрамның жауапкершілігін арттырған Жедел кеңес

Бүгін, Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 тергеу изоляторында 2021 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті.

Жедел кеңеске ҚАЖД-нің бастығы, әділет подполковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы келіп, төрағалық етті. Алғаш болып сөз алған, мекеме бастығы әділет подполковнигі А.Ж.Тасқараев күн тәртібімен таныстырып шықты. Содан соң, мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Қ.Олжабаев баяндама оқыды. Баяндамашы, мекемедегі бөлім қызметтерінің 9 ай ішіндегі іс- нәтежиелерін, өткен жылдағы атқарылған жұмыстармен салыстыра отырып, талдап, зерделеп берді.

Баяндаманы мұқият тыңдаған департамент бастығы мекеме жұмысына қанағаттанарлық деп баға беріп, болашақта осы қарқынмен әлде де көптеген істерді бітіруге шақырды. Атқарылған жұмыстарды бағалай отырып, ҚР – ның тәуелсіздік алуының 30 жылдығына орай, ел тәуелсіздігін орнықтыру жолында, еселі еңбек етіп, жақсы нәтежие көрсеткен мекеме қызметкерлерінің жұмысын көтермелеу мен ынталандыру мақсатында марапаттауға ұсынуды тапсырды. Сонымен қатар, ҚАЖ саласының қауырт жұмысы барысында жіберілген аз-
кем кемшіліктер бойынша бөлім қызметтеріндегі жұмыстарды жандандыруды бұйырды. Әсіресе, ҚАЖ имиджін арттыруда жеке құрамның әрдайым қызметтік тәртіпті қатаң сақтауы керектігін баса айтты.

Бұдан бөлек, жеке құрам қатарының тұрақталуы мен медицина қызметкерлерінің жетіспеуіне байланысты, бос орындар толықтырылуы бойынша іс- шаралар атқару керектігі жөнінде, кадр бөліміне нұсқаулар берді. Осылайша тергеу изоляторында өткізілген жедел кеңес, жәй 9- айлық есеп қана емес, мекеме қызметінің жұмысын жандандыруда жеке құрамға серпіліс беріп, қызметтік міндеттеріне деген жауапкершіліктерін арттырды. .

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke