Пятница, 29 марта, 2024

Басқада

ӨНЕРЛЕРІМЕН ТӘНТІ ЕТКЕН АНАЛАР САЙЫСЫ

Орта мектеп — гимназияда бастауыш бірлестігінің 10 күндігіне орайластырылып, «Өнеріммен тәнті етемін» атты  аналар сайысы болып өтті. Оның мақсаты — мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты  нығайту және отбасының бала тәрбиесіндегі  рөлін күшейту, бірін-бірі сыйлай білуге, қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Өнерпаздардың өнерлерін салыстырып, лайықты бағаларын беру үшін сайысқа мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Абдрахманова Мақпал Нұрланқызы, бастауыш сыныптар оқу ісінің меңгерушісі Ақылаева Ұлбосын Чапайқызы, музыка пәнінің мұғалімі Көптілеуова Айнұр Жұмабайқызы қазылық жасады. Сайыс бастауыш сынып мұғаліміГүлнара Әбділқызыорындаған «Аяулы ана» әнімен ашылды.

Байқау «Таныстыру»,   «Жағдаяттан  шығу»,  «Өнеріммен тәнті етемін», «Шебердің қолы ортақ»сияқты төрткезеңнен  тұрды. Жарысқа қатысушылар алдымен жасырынған нөмірлер бойынша сайысқа  шығатын кезектерін анықтап алды. Одан ары қарай «Таныстыру» бөлімінде аналардың сөйлеу мәнеріне назар аударылса, «Жағдаяттан шығу»бөлімінде тәрбиеге байланысты әр түрлі тосын оқиғалардан шыға білуге 2 минут уақыт берілді. «Шебердің қолы ортақ» қолөнер сайысы  үйге берілген тапсырма бойынша қолөнер түрлерінің жасалу жолын көрсетуге арналса, «Өнеріммен тәнті етемін» кезеңінде ана мен бала сахнада өз өнерлерін көрсетті.

Жарыс қортындысы бойынша бас жүлдені 1 «ә» сыныбынан  Жақсылық Алтынайдың  анасы Албанбаева Салтанат жеңіп алса, біріншіорынды  Бибиталиев  Батырханның анасы Бибиталиева Альбина, екінші орынды —  Касенова Алуаның  анасы  Берликова Аида, үшінші орынды  Берікбай Раянаның анасы Сүлейменова Ләззат иеленді. «Өнерлі ана» номинациясын  Әлімхан Аяулымның  анасы Шолпан Малбаева еншіледі.

Сайыс барысында бастауыш сынып оқушылары Қаржаубай Алинұр мен Ақниет «Әке мен ана», Әшір Жания«Қазақ елі осындай»  әндерін,  Бейсеналы Айзере «Тауыс» биін тарту етті.

Заңғар АЛТАЙ

ӨНЕРЛЕРІМЕН ТӘНТІ ЕТКЕН

АНАЛАР САЙЫСЫ

Жаңалықтар | Новости