Среда, 24 апреля, 2024

Басқада

«Жусан» гуманитарлық операциясы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің жанындағы Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Алматы қаласында жұмысын бастады.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ деструктивті діни ағымдар идеяларының таралуына қарсы тұру мақсатында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті жыл сайын жалпы халық арасында жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Алдын алу жұмыстарының міндеттерінің ішінде Комитет халықтың діни сауаттылығын арттыруға, қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға және діни экстремизмнің алдын алуға ерекше көңіл бөледі.

2022 жылғы 25-26 мамырда Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Алматы қаласындағы ірі кәсіпорындарда, сауда нысандарында және ғибадат орындарында 10-нан астам іс-шара өткізеді. «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында Сириядағы ұрыс аймағынан оралған әйелдерді қамту бойынша да профилактикалық жұмыстар жоспарлануда.

Айта кетерлік жайт, халықпен түсіндіру және алдын алу жұмыстары Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының қызметімен ғана шектелмейді. Осындай жергілікті деңгейдегі топтар әр аймақта жыл бойы жұмыс істейді. Сондай-ақ Комитет арқылы аймақтық дін істері жөніндегі басқармаларды әдістемелік қамтамасыз ету, мониторингтік-талдау жұмыстарының кең ауқымы тұрақты түрде жүргізілуде.

Алматы қаласында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын «Social Development Center» қоғамдық қоры ұйымдастыруда.

Жаңалықтар | Новости