Пятница, 19 апреля, 2024

Басқада

АЗАМАТТАРДЫҢ БЕЛСЕНДІ БОЛУЫ МАҢЫЗДЫ

Қонаев қалалық кітапханасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастыруымен «Жолдау-2022: әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа бастамалары» тақырыбында Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеген маңызды саяси бастамалары аймақтық сарапшыларының арасында талқыланды.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Елдос Жұмағұловтың модераторлығымен өткен іс—шараға қазақстандық қоғамдық даму институты өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, саясаттанушылар, мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділерінің қатысты.

Спикерлер Президент Жолдауының әлеуметтік-экономикалық блогын талқылады. Президент бастамашылық еткен саяси процестер қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырып, алдағы президенттік және парламенттік сайлауды өткізу туралы шешімін дұрыс әрі қисынды деп бағалады. Сондай-ақ, алдағы сайлауға азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Одан кейін сөз алған Іле аудандық мәслихат депутаты, Қоғамдық келісім мүшесі Роза Абилова, «Жас жұбайлар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қонаев қалалық Аналар кеңесінің мүшесі Нина Утебекова, «Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары Балжан Ерболқызы, Қонаев қалалық Ардагерлер және Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Аманкелді Беспаев және әр аймақтан келген жастар орталықтарының өкілдері  сайлаудың әділетті өтуінің маңызды шарты – оған азаматтық қоғамның қатысып, белсенді бақылауы. Біз мемлекет басшысы болатын адамның әділ сайлау арқылы билікке келгенін қалайиындықтарын айтып,  өз ойларын түйіндеді.

«Sarap» эксперттік клубы аймақтық отырысының соңында Қонаев қалалық Ардагерлер және Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Аманкелді Беспаев жиналған жалынды жастарға аталық тілегін арнап, ақ батасын берді.

Жаңалықтар | Новости