Пятница, 26 апреля, 2024

Басқада

Электрмен жабдықтау сенімділігінің көрсеткіштері

Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін айқындау қағидаларының 8 — тармағына сәйкес энергия беруші ұйым жыл сайын, есепті жылдан кейінгі 20 қаңтардан кешіктірмей, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ-ге (бұдан әрі-Департамент) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштері туралы ақпаратты және қағаз жеткізгіштегі ажырату журналын жібереді.
Осы Қағидаларға сәйкес энергия беруші ұйымның электр желілерінен тыс технологиялық бұзушылықтар себебінен тұтынушыларды электрмен жабдықтауды ажырату болған кезде ажырату журналына технологиялық бұзушылықтарды тексеру актілерінің және тараптардың теңгерімдік тиесілік шекараларын және пайдалану жауапкершілігін бөлу актілерінің көшірмелері қоса беріледі.
Бұдан басқа, Департамент Қазақстан Республикасы Кодексінің «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 300-1-бабына сәйкес энергия беруші ұйымдардың Электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің бекітілген Нормативтік мәндерінен асып кеткені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін хабарлайды.

Департамент Басшысы Е. Ә.Нармұратов

Жаңалықтар | Новости