Пятница, 17 мая, 2024

Басқада

spot_img

 Түркиядағы жер сілкінісі: қираған үйдің астынан 28 сағаттан кейін әйел мен 3 бала табылды

Түркияның оңтүстік-шығысында жойқын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі бірнеше рет қайталанды. Газиантепте  қираған ғимарат үйіндісінің астынан 28 сағаттан кейін 4 адамды құтқарды. Құтқарушылардың ерлігі туралы Aikyn.kz сайты «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кахраманмараш аймағында қираған үй, ғимараттардың үйіндісінің астынан тірі қалған тұрғындарды құтқару жалғасып жатыр. Жермен-жексен болған ғимараттың астынан 28 сағаттан кейін әйелді үш баласымен бірге құтқарды.

Жандарм, құтқарушы, дәрігерлер Фатих Сұлтан ауданында орналасқан жер сілкінісінен қираған 6 қабатты «Фуркан» тұрғын үй кешені тұрғындарын үйінді астынан аршып алып жатыр.

Апаттан кейін шамамен 28 сағат өткен соң Дөн Өзқылыч пен оның бала-шағасы Абдулқадыр, Бейза мен Элиф үйінді астынан шығарылды. Құтқарушылар жаралы отбасын  ауруханаға жөнелтті.

Жаңалықтар | Новости