Пятница, 21 июня, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

40 жылдың әр секунды санаулы !

Адамның өмірі қыл үстінде тұрған шақта, алғашқы көмек көрсетуге өмірін арнаған — Светлана Назарбаева. Өз ісінің білікті маманы.

Ол 1962 жылы дүниеге келген. Бала күндік арманын орындау үшін, Талдықорғандық медициналық колледжіне түсіп, фельдшер мамандығын игерген. Еңбек жолын 1981 жылы, Қаратал аудандық ауруханасына жолдамамен барып, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Василий Поповтан тәжірибе алудан бастаған.

Кейін, Байшегір ауылынан тәжірибе алуға жолдама алған. 1984 жылдан бастап, Қаратал аудандық орталық ауруханасында фельдшер қызметін атқарады.

Дәрігерлерден білімі мен тәжірибиесі асып түспесе, кем түспейтін Светлана Назарбаеваның қазіргі қызметі қандай ?!

Жетісу өлкесінің медицина саласына қосқан үлесі мол, еңбегі ерең. Қазіргі таңда, Светлана Манасбаевна сол аудандық ауруханада, Жетісу облыстық жедел әрі шұғыл медициналық көмегінің аға фельдшері. Қызметте жүріп көптеген тосын да қызық оқиғаларды бастан кешірген.

“Менің фельдшер болып қызмет еткеніме 42 жыл болды. 42 жылдың әр секунды санаулы. Адам өмірін құтқару керек кезде тіпті миллисекунд та маңызды. Осы уақыт ішінде қаншама шақыртуға барғаным, тіпті қаншама қызық және қауіпті жағдай болғаны есіме түсер емес. Өмірімнің бәрін кәсібіме арнадым, себебі адам жанын құтқару менің парызым, менің жаныма нұр беретіндей. Тіпті жұмыстан тыс уақытта да, көмегіме мұқтаж жанға көмектесетін сәттер көп”,- дейді кейіпкеріміз.

Алдыңғы қатарда қызмет атқарып жүрген нәзік жан Свелтана Назарбаева, 2 бірдей баланың анасы. Тәулікті қызметіне қарамастан, аяулы ана, мейірімді жар атақтарын қатар ұстай алған жан.

“Біздің жұмыс — алғысы аз, арқалағанымыз ауыр қызмет. Қашанда болсын жоғары жеңгейдегі дайындықты талап етеді. Жас ерекшелікті, жағдайдың санатын да талғамайды. Кішкентәй бүлдіршіндерден бастап, ауыр хәлдегі пациенттерге дейін біздің жауапкерішілікке кіреді. Қазір жас мамандарды тәрбиіелеп жатырмыз, білген тәжірибемен бөлісіп, көмек қолын созамыз. Бірақ, қыз баллар үшін физикалық та, рухани жағынан да өте қиын қызмет екені бәріне мәлім”, — дейді.


Күн тәртібі тұрақтылық таппайтын аға фельдшердің қызметіне не кіреді ?
“Өткен тәулікте атқарған қызметіміз бойынша, таңертенгі ауысым кезінде толықтай есеп беріп, келесі ауысымның фельдшерлерін қабылдаймын. Тәулігіне 40-60 шақыртулар болады кем дегенде. Ең көбі 120 шақырту”,- дейді аға фельдшер.
Адамзаттың нәзік жандылары қатарынан болғанына қарамастан, дәрі-дәрмектің толықтай қамтылуын қамтамасыз етуде, ауысымның олқылықсыз қызмет етуіне бақылау ететін де бір өзі. Тіпті жүргізушілердің жұмысына да баскөз болады. Шақыртуларға, барлық есептік құжаттарға уақытылы жауап беру, аудан халқының денсаулығына жауап беру де аға фельдшердің мойнына жүктелген.

Қызметіне лайық мәртебеге ие болған Светлана Манасбаевна, 2010 жылы “ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл” төс белгісімен марапатталған. 2022 жылы “Ақ ниет” кәсіподағы да лайықты деп танып, “Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін” медалімен марапаттаған.

“Бұл қызметтің барлық қыры маңызды. Сен психолог маман да, дәрігер де болуың керек. Шақыртуда қателіктер жіберуге болмайды. Жұмысымның қиыншылықтарына қарамастан, мен өз кәсібімді сүйемін және жастар медицинаға көбірек барса екен деймін. Мемлекетімізде білімді әрі білікті мамандардың көп болғаны жақсы”,-дейді.

Атап өту керек, мол тәжірибесіне қарамастан Светлана Манасбаевна өз біліктілігін арттырып, жаңа технологиялармен жұмыс істейді.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke