Пятница, 26 апреля, 2024

Басқада

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 18 мыңнан асты

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 18 мыңнан асты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Sabah басылымына сілтеме жасап.

Түркия вице-президенті Фуат Октай президент Режеп Тайып Ердоған «ғасыр апаты» деп атаған табиғи апаттан қаза тапқандар саны 18 342-ге, жараланғандар саны 74 242-ге жеткенін айтты.

Бұған дейін 17 674 адам қаза тауып, 72 879 адам жараланған деп хабарланған болатын.

Сонымен қатар, көршілес Сирияда кем дегенде 3 377 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар | Новости