Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Электр желілеріндегі апат: Қазақстанның 6 өңірінде электр қуатын беру шектелді

Қазақстанның алты облысында апатқа байланысты энергия беру шектелді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компанияға (KEGOC) сілтеме жасап.

«2023 жылғы 13 ақпанда сағат 09: 23-те технологиялық қорғану әрекетімен 500 кВ Екібастұз — Ағадыр Ж-5170 электр жеткізу желісі авариялық түрде ажыратылды.

Бұл Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарын энергиямен жабдықтауда шамамен 600 МВт (тұтынудың шамамен 10 пайыз) көлемінде шектеулер әкелді», — делінген хабарламада.

Компания мәліметінше, «KEGOC» АҚ электр желілерінің аварияға қарсы автоматикасы штаттық режимде іске қосылды, соның арқасында Қазақстанның оңтүстік және орталық өңірлерінде толық ажыратуға жол берілмеген.

«Қазіргі уақытта ажыратылған тұтынушыларды электрмен жабдықтауды қалпына келтіру мақсатында оңтүстік өңірдің электр станцияларының жүктемесін толықтай көтеру жұмыстары жүргізілуде.

Электр жеткізу желісіндегі зақымдануды анықтау және жою үшін жөндеу бригадаларының шығуы ұйымдастырылды», — деп толықтырды «KEGOC».

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke