Пятница, 12 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Түркия мен Сирияда жер сілкінісі құрбандарының саны 40 мыңнан асты

Түркияның оңтүстік-шығысында және Сирияда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 40 мыңнан асты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Al Jazeera арнасына сілтеме жасап.

Түркия билігі 35 418 адамның мәйітін тапқанын айтса, Сирия билігі 5 800-ден аса адам қаза болғанын хабарлады. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияда үйінді астынан 8 мыңнан аса адам тірі шығарылғанын айтты.

Халықаралық көші-қон ұйымының гуманитарлық жүк тиелген 10 жүк көлігі Түркиядан Сирияның солтүстік-батысына Баб-эль-Салам бақылау-өткізу бекеті арқылы өтті. 7,8 балдық жер сілкінісінен кейін 200 сағаттан аса уақытта үйінділер астында тірі қалғандарды табу үміті сөнгендіктен, басты назар аман қалғандардың көп бөлігін тамақ және баспанамен қамтамасыз етуге аударылды, деп хабарлады агенттік.

БҰҰ мәліметінше, жер сілкінісінен кейін Сирияда 5,3 миллионға жуық адам баспанасыз қалуы мүмкін. Түркия мен Сирияда 900 мыңға жуық адам шұғыл түрде ыстық тамаққа мұқтаж.

Еске салайық, дүйсенбі, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығыс бөлігінде екі жойқын дүмпу болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шеккен.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke