Понедельник, 29 апреля, 2024

Басқада

Президент заңға қол қойды: Қазақстан мен Өзбекстан сотталғандарды өз еліне беруге келісті

Қазақстан мен Өзбекстанда сотталғандар жазасын өз елінде өтей алады. Тиісті заңға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әpi өтеу үшін беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.

Бұған дейін тиісті заң Конституцияда белгіленген талаптарды жүзеге асыруға бағытталғаны хабарланған еді. Конституцияда, егер халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан азаматын шет мемлекетке беруге болмайтыны көрсетілген. Сонымен қатар республика өз азаматтарын мемлекет аумағынан тыс жерде қорғауға кепілдік береді. Осыған ұқсас норма Өзбекстан Конституциясында да бар.

Жаңалықтар | Новости