Среда, 24 апреля, 2024

Басқада

Елбасы туралы заң күшін жойғаннан кейін Назарбаевтың сайты атауын өзгертті

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты Elbasy.kz домендік атауын Nazarbayev.kz деп өзгертті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді мекенжай жолағына Elbasy.kz деп терсе, пайдаланушы автоматты түрде Nazarbayev.kz сайтына бағытталады.

Сайт та өзгерген. Бұрын «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты» деп жазылса, енді одан «Елбасы» сөзі алып тасталған.

Еске салайық, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойған болатын.

Жаңалықтар | Новости