Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Алматыда жаңа «Сергек» камералары қашан қосылатынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін қалада қосымша үш мың жаңа камера қосылатыны белгілі болған.
«Қазіргі уақытта қосымша 2 944 «Сергек» камерасын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосу 2023 жылдың II тоқсанына жоспарланған», — деп жауап берді Ішкі істер министрлігі Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына.
Қазіргі уақытта Алматыда 2021 жылға арналған «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік» жобасын іске асыру аясында әкімдік орнатқан 5 034 «Сергек» камерасы жұмыс істеп тұр.
Камералар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілердің тәртібін арттыру мақсатында орнатылған.