Вторник, 30 апреля, 2024

Басқада

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 21-23 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері Қазақстандағы ауа-райын үлкен қоры бар белсенді Атлантикалық циклон анықтайтын болады, соған байланысты республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын, қар және жаңбыр түрінде, көктайғақ құбылыстары, тұман, екпінді жел болжанады. Күндіз ҚР оңтүстігінде найзағай күтіледі.

«Республиканың батысында ауа температурасы түнде 0-8-ден 7-15-ке дейін төмендеуі күтіледі, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында 5-15 аяздан 0-8 аязға дейін жоғарылайды, орталығында 2-15 аяздан 3 аяз-3 жылыға дейін ауытқиды, республиканың оңтүстік жартысында түнде 3 аяз-3 жылы күтіледі», — делінген хабарламада.

Жаңалықтар | Новости