Түркияның екі провинциясынан басқа барлық жерде күшті жер сілкінісінен кейінгі құтқару жұмыстары аяқталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Анадолу» агенттігіне сілтеме жасап.
Түркия төтенше жағдайлар агенттігі мәліметінше, апат ошағы, Кахраманмараш пен Хатайда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасады.
Апаттар салдарын жою агенттігінің (AFAD) басшысы Юнус Сезер іздеу-құтқару жұмыстары екі провинциядағы 40-қа жуық ғимаратта жалғасып жатқанын айтты.
Түркияда 345 000-ға жуық пәтер қирап, көптеген адам із-түзсіз жоғалып кеткен деп саналады.
Еске салайық, бұған дейін Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 мыңнан асқаны хабарланған болатын.