Четверг, 28 марта, 2024

Басқада

Тәжікстанда 7 балдық жер сілкінісі болды

ҚР ТЖМ «СТӘЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 ақпанда сағат 06.37-де (Алматы уақыты бойынша) Тәжікстан аумағында магнитудасы 7 балл болатын жер сілкінісін тіркеді. Әзірге опырылған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 696 шақырым жерде 20 шақырым тереңде орналасқан.

Оңтүстік астанада жер сілкінісі 2-3 балл көлемінде сезілді.

«Жағдай тұрақты. «112» және «101» желілеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ», — деді Алматы ТЖД өкілі.

Жаңалықтар | Новости