Вторник, 23 апреля, 2024

Басқада

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артып жатыр

Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 43 500-ден асты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Hurriyet басылымына сілтеме жасап.

Түркия Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны қазіргі уақытта 43 556-ға жеткенін айтты.

Түркия ІІМ басшысы мұндай қайғыдан тек «бірлік пен ынтымақта» аман өтуге болатынын атап өтті. Сойлу оның туыстарының арасында да осы жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар бар екенін айтты.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында бірқатар жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шекті. Ең жойқын жер сілкінісінің магнитудасы 7-ден жоғары болды. Табиғи апаттар салдарынан Түркияда көптеген ғимарат қирады.

Жаңалықтар | Новости