Пятница, 26 апреля, 2024

Басқада

Алматының жер сілкінісі кезіндегі ең қауіпсіз ауданы аталды

Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Ибрагим Күлшімбаев Алматыдағы ықтимал жер сілкінісі кезіндегі ең қауіпсіз ауданды атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Алматы – республикамыздың сейсмикалық қауіпті аймақтарының бірі. Алматы тектоникалық плиталардың 27 қауіпті жарылу аймағында орналасқан. Олардың негізгілері — қаланың таулы аймақтары. Барынша қауіпсізі – Түрксіб ауданы, қалғандарының бәрі – Медеу, Бостандық аудандары опырылу орындарын орналасқан, сондықтан қауіп жоғары», — деді Күлшімбаев.

Оның айтуынша, 9 және одан да көп баллдық жер сілкінісі болған жағдайда Алматыдағы тұрғын үйлердің 30 пайызы зардап шегеді.

«Қаланың 60-70 пайызы қирайды ма, мен мұнымен келісе алмаймын. Бірақ болжам бойынша, 9 балл және одан жоғары жойқын жер сілкінісі болған жағдайда тұрғын үйлердің 30 пайызына дейін қирауы мүмкін. Тиісінше, қандай шығын болатынын қарастыру қажет», — деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Жаңалықтар | Новости