Тәжікстанда магнитудасы 4,2 балдық жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі some.kz сайтына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігінің «СТӘЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 27 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 09:01-де жер сілкінісін тіркеді.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 689 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10,0. MPV магнитудасы — 4,2», — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер асты дүмпуі тіркелген болатын.