Понедельник, 24 июня, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Қазақстандықтар наурызда қалай демалады?

2023 жылғы наурызда аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар жалпы саны 12 күн демалады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз — сәрсенбіге сәйкес келеді және демалыс күні болады.

Наурызда қазақстандықтар сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбіде – 21, 22 және 23 наурыз күндерінде үш күн демалады. Мереке аптаның ортасына түседі, сондықтан жұмыс аптасы қысқа болады.

Осылайша наурызда төрт мереке болады. Бес күндік жұмыс аптасында сенбі және жексенбі — сегіз күн, ал алты күндік жұмыс аптасында төрт күн демалыс болады.

Сонымен қатар, наурызда қазақстандық оқушылар 18 наурыздан 26 наурызға дейін созылатын көктемгі демалысқа шығады.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke