Четверг, 23 мая, 2024

Басқада

spot_img

Астанадағы LRT құрылысына 50 миллиард теңге бөлінеді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев LRT құрылысына 50 миллиард теңге бөлінетінін, қаражаттың бір бөлігі вагон сатып алуға жұмсалатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«LRT құрылысы аяқталады. Биыл да тиісті қаражат қарастырылған. Биыл қателеспесем, LRT құрылысын жалғастыруға 50 миллиард теңге бөлеміз. Бұл құрылысты қала әкімшілігімен талқыладық. Ең алдымен жұмыс әуежай жақтан басталады. Яғни, сонда жұмыс жалғасады. Ал қаражаттың бір бөлігі вагондарды сатып алу үшін алдын ала төлем жасауға жұмсалады», — деді Қарабаев Үкімет отырысы кулуарында.

Ол қаражат республикалық бюджет комиссиясы отырысында қарастырылғанын айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, бұдан әрі Парламентке баруымыз керек, содан кейін қол қою керек. Қазір ақпан болса, менің ойымша, басында, сәуірге қарай қаражатты әкімдікке аударамыз», — деп түйіндеді министр.

Жаңалықтар | Новости