Суббота, 27 апреля, 2024

Басқада

LRT қашан іске қосылады? Әкімдік жауап берді

Астана әкімдігі елорда тұрғындары LRT-ні 2025 жылдың екінші жартысында пайдалана алатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы, қазіргі уақытта 1-ші LRT кешенін іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Үздіксіз қаржыландырумен бірінші кешенін 2024 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр. Ал құрылыс жұмыстары 2023 жылдың сәуір-мамыр айларында белсенді басталады», — делінген хабарламада

Жаңалықтар | Новости