Тараз қалалық сотының төрағасы сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.
«Тараз қаласы №2 сотының үкімі бойынша, Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаров жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Мадемаров өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылған.
«Сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алған», — делінген хабарламада.