Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Үш өңірде ауа райына байланысты сабақтар тоқтатылды

Дүйсенбі, 6 наурызда ауа райының нашарлауына (жаңбыр, көктайғақ) байланысты Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысындағы мектептерде сабақтар тоқтатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өскемен қаласы, Глубоковский ауданында 0-9 сынып аралығындағы бірінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшті. Сондай-ақ, Күршім ауданы Күршім ауылында 0 сыныптан 11 сыныпқа дейін бірінші және екінші ауысымдағы оқушылар, Риддер қаласында 0-6 сынып аралығында бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқуға көшті.

РЕКЛАМА

Абай облысында Семей, Курчатов, Бесқарағай, Бородулиха, Аягөз, Жарма аудандарындағы бірінші және екінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшірілді. Сондай-ақ Семей қаласындағы колледждердің бірінші және екінші курс студенттерінің де сабақтары ауысты.

Қостанай облысында қатты желдің салдарынан бірқатар мектептерде сабақ онлайн форматқа көшірілді. Денисовский, Қарабалық және Меңдіқара аудандарында бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke