Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды

Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына сілтеме жасап.

«2023 жылғы 6 наурызда сот шешімі бойынша, соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін бір айға, яғни 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін ұзартуға санкция берілді», — делінген сот хабарламасында.

Еске салайық, Арман Жұмагелдиев ұсталғаны 7 қаңтарда белгілі болған еді. Бес адамнан тұратын қылмыстық топ Алматыда арнайы операция барысында ұсталғаны айтылды. Күдіктілерді тінту кезінде әртүрлі маркалы және калибрлі төрт автомат, оларға арналған оқ-дәрілер, қырлы қарулар мен броньды көлік тәркіленген.

Кейінірек оның қылмыстық тобының мүшелері 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағаны айтылды. Бұл туралы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеген еді.

Сонымен қатар, Бас прокуратура өкілі Дикий Арман мен оның тобының 14 мүшесі қамауда екенін айтты.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke