Понедельник, 24 июня, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Қазақстандықтардың шетелдегі депозиттерде қанша ақшасы бар?

Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) қазақстандықтардың басқа елдердегі депозиттері туралы мәлімет ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, қазақстандықтардың шетелдік банктердегі банк шоттарында ең көп сома Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Сингапур және Швейцарияда.

«Кірістер мен мүлік туралы декларацияда 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 354 жеке тұлғаның шетел банктерінде банк шоты бар, оның ішінде 138 жеке тұлға лауазымды тұлғалар. Ақшаның жалпы сомасы 529 132 842 427 теңге. Шетелдік банктердегі ең көп сома БАӘ – 308 миллиард теңге, Сингапур – 158 миллиард теңге және Швейцария – 36 миллиард теңге», — делінген Tengrinews.kz тілшісіне берілген ресми жауапта.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke