Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қатысты үкім шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Baigenews.kz сайтына сілтеме жасап.
«М.Бектанов Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының 2023 жылғы 24 ақпандағы үкімі бойынша сотталды, оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», — делінді сотта.
Сот істің «Құпия» қаралғанына сілтеме жасап, нақтырақ ақпарат бере алмады.