Суббота, 27 апреля, 2024

Басқада

10 наурызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 10 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болжанды.

Синоптиктердің мәліметінше, тек еліміздің батысы мен солтүстігі арқылы атмосфералық фронтальды бөлімдер өтетіндіктен, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

«Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, тұман мен көктайғақ болжанды», — делінген хабарламада.

Астана қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде -11-13 градус, күндіз 0,+2 градус болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел 0-5 м/с соғады. Ауаның температурасы түнде +1+3 градус, күндіз +14+16 градус болады.

Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 5-10 м/с. Ауаның температурасы түнде +7+9 градус, күндіз +23+25 градус болады.

Жаңалықтар | Новости