Суббота, 20 апреля, 2024

Басқада

Қандастар Қазақстанның қай аймақтарында тұрғысы келеді?

2023 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша 3 134 этникалық қазақтар тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 110,1 мың этникалық қазақ оралды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (50,0 пайыз) Өзбекстаннан, 16,3 пайыз — Қытайдан, 15,9 пайыз — Ресейден 8,4 пайыз — Түрікменстаннан, 4,5 пайыз — Моңғолиядан және 4,9 пайыз басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27 пайыз), Маңғыстау (16,6 пайыз), Түркістан (7,1 пайыз) және Жамбыл (3,6 пайыз) облыстарына, сондай-ақ Астана (10,5 пайыз), Алматы (7,6 пайыз) және Шымкент (6,5 пайыз) қалаларына қоныстанды.

Ағымдағы жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,7 пайызды және зейнеткерлер 8,2 пайызды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңейі бойынша 20,1 пайыз жоғары білімді, 40,9 пайыз орта кәсіби білімді, 35,2 пайыз жалпы орта білімді және 3,8 пайыз білімі жоқ.

Жаңалықтар | Новости