Четверг, 18 апреля, 2024

Басқада

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Президент Twitter-парақшасында жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтаймын! Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!», — деп жазды Президент.

Жаңалықтар | Новости