Пятница, 26 апреля, 2024

Басқада

Алматы облыстық мәслихатына Іле ауданының №3 сайлау округінен үміткер АБДУЛДАЕВ МАРАТ БЕКЕНҰЛЫ

ӨМІРДЕРЕК

Мен, Абдулдаев Марат Бекенұлы, 1978 жылдың 7 наурызында Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылында дүниеге келдім.
1995 жылы Миялы ауылындағы Қарағаш орта мектебін бітірдім.
2000-2001 жылдарда Қапшағай Құрылыс Комбинатында арнайы орнатушы болып қызмет атқардым.
2001-2003ж. Қапшағай көпірі командасында құрылысшы болдым.
2003 жылы іссапардан кейін өмір бойы I топ мүгедектік алдым.
2013 ж. “Қапшағай самға” мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы және “Самға” сауықтыру орталығының директоры қызметіндемін.2015 жылдан «Самғау» ЖШС директоры.
2019 ж. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жанынан құрылған мониторинг тобының мүшесімін.
2021 ж. “Жақсылық” иппотерапиясының директорымын.
Марапаттар мен алғыстар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Ең үздік қоғам белсендісі» алғыс хаты және статуэткасы; Алматы облысындағы азаматтық қоғам институттарын дамытуға, жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында ынтымақтастық пен әріптестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Алматы облысы ішкі саясат басқармасынан «Алғыс хат»; Алматы облысының дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спортты дамыту дирекциясынан «Алғыс хат» және медаль; Алматы облыстық әкімінің «Алғыс хаты»; Қонаев (Қапшағай) қаласы әкімінің «Алғыс хаттары».
Іс шаралар: ҚР Президентін (2019, 2022ж.ж.), Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын (2021 ж.ж.) сайлау науқандарына қатысты. «BIRGEMIZ» қоғамдық қорының жұмысына белсенді қатысты.
Қайырымдылық шаралар: «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін сүйіспеншілігі мен көмегі. Қазіргі таңда елімізде түрлі қайырымдылық іс-шаралар мен акциялар көбейіп келеді.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауынан кейін көптеген семинар, конференциялар, акцияларға қатысып, білімімді жетілдіріп мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен азаматшалардың қандай мәселелері бар екенін білу үшін қабылдаулар өткіздім. Сонымен қатар, көптеген адамдардың еміне себепкер болып келемін. 2013 жылы қоғамдық бірлестік аштым. Қазіргі уақытта 1500-нан аса мүшесі бар, белсенді түрде көптеген іс-шаралар ұйымдастырып келемін.
Сонымен қатар менің ықпалымен мемлекеттік тапсырыс бойынша көптеген гранттар және жобалар ұйымдастырылды. 2021 жылы “ЖАҚСЫЛЫҚ”– тірек қимыл аппараты бұзылған азаматтарға және балаларға арналған иппотерапиясын аштым. Иппотерапия — аутизм, церебральды сал ауруы, артрит, склероз, бассүйек-ми жарақаты, инсульт, жұлынның зақымдануы, мінез-құлық пен психикалық бұзылулар сияқты неврологиялық және басқа да бұзылулары бар науқастарды оңалту үшін қолданылатын емдік шара.
Іс шараларда балаларға демеушілер тауып, сыйлықтар алып, қуантамын. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған демалыс орнын аштым.

МАҚСАТЫМ: Дені сау ұрпақ — ертеңгі елдің жалғасы. Медициналық көмектің сапасын жақсартуға, қолжетімділігіне, халыққа берілген көмектің діттеген жеріне жетуін қадағалау;
Ерекше балалар мен ересектер үшін қолайлы жағдай жасау, оңалту орталықтарының сапасын арттыру және де жаңа оңалту орталықтары мен спорт кешендерінің құрылысына ықпал ету;
«Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың салауатты өмір сүруіне және басқа да елдің заңнамалық, атқарушы және саяси өмірінде шешімдер қабылдауға ықпал қосуын, сондай-ақ әлеуметтік қызметтерді сапалы алуына мүмкіндік жасау;
Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту.

Жаңалықтар | Новости