Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Құрметті балықшылар!


Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы (бұдан әрі — Инспекция) Инспекцияның 2023 жылғы 20 наурыздағы № 22-н/қ бұйрығына сәйкес 2023 жылы балықтардың уылдырық шашу кезеңінде келесі орындарда және мерзімдерде балық аулауға тыйым салынғанын хабарлайды:
1.1. Балқаш көліне құятын сағалардан ағыспен жоғарғы бағытта өзеннің жалпы ұзындығымен және оның негізгі сағалары, сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
1.2. Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне (Аралтөбе ауылы) дейінгі Іле өзенінде 5 сәуірден 5 маусымды қоса алғандағы аралықта;
1.3. Шарын өзенінің сағасынан Қытай Халық Республикасының мемлекеттік шекарасына дейінгі Іле өзенінде 25 наурыздан 5 шілдені қоса алғандағы аралықта.
Қапшағай су қоймасында, Балқаш көлінде және Алакөл көлдер жүйесінде балық аулауға тыйым салуды енгізу мерзімдері осы су айдындарына зерттеу жүргізу нәтижелері бойынша қосымша хабарланатын болады.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke