Суббота, 27 апреля, 2024

Басқада

Amanat премьер-министрдің лауазымына кімді ұсынғаны белгілі болды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысына Amanat партиясының атынан жаңа премьер-министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр кандидатурасын кім ұсынуға құқылы екенін айтқан еді.

Жаңалықтар | Новости