Пятница, 29 марта, 2024

Басқада

Профилактикалық жұмыс

Абай облысы, Жарма ауданы аумағында    30.03.2023– 05.04.2023   ж. аралығында «Пробация» атты облыстық жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілуде.

Бұл Жедел-профилактикалық іс-шараның басты мақсаты болып қоғамнан оқшауланбаған жаза тағайындалған  Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың қайта құқық бұзушылық және қылмыс жасауларына жол бермеу, олардың алдын-алу, жолын кесу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу болып табылады.

30.03.2023 жылы бастау алған жедел профилактикалық іс-шарасының алғашқы күнінен бастап Жарма АПБ ЖПҚ УПИ мен бірлескен Жарма аудандық №1 Пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандарды аула бойынша тексеріс жүргізу жұмыстары бастау алды, сонымен қатар есепте тұрған сотталғандардың тарапынан болған құқық бұзушылық және қылмыстың қайталануын уақытылы анықтау үшін барлық деректер базасынан және ішкі істер органдарының басқа да есептері бойынша тексеріс жұмыстары жүргізілуде.

Абай облысы бойынша ҚАЖД

Жарма аудандық №1 Пробация

қызметі бөлімшесінің аға инспекторы

әділет аға лейтенанты

Б.Зарыққанова

#АбайбойыншаҚАЖД

#ДУИСпо_областиАбай

#Пробация

#Профилактикалықжұмыс

Жаңалықтар | Новости