Пятница, 19 апреля, 2024

Басқада

Алматы тауларында блокбекеттер орнатылды

Алматы тауларында бақылау бекеттері қойылды. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, Алматы маңындағы тау беткейлерінде қар көшкіні жүру қаупі сақталады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«ТЖД көшкін қаупі туралы № 13 ескерту негізінде: 2023 жылғы 5-7 сәуір аралығында үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейнінде қар көшкіні қаупі сақталады.

Осыған байланысты қар көшкінін тудырмас үшін қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, тауға барудан бас тартқан дұрыс», — делінген хабарламада.

Осыған байланысты Аюсай шатқалындағы сарқырамаға адамдардың өтуіне жол бермеу үшін Бостандық ауданы ПБ қызметкерлері арасынан Аюсай бөгеті алдына пост орнатылды.

Сондай-ақ, блокбекет Шымбұлақ маңындағы қар көшкіні қаупі бар аймаққа орнатылған.

Жаңалықтар | Новости