Воскресенье, 19 мая, 2024

Басқада

spot_img

Намаз оқып тұрған имамның әрекеті Желі қолданушыларын тәнті етті

Желіде намаз оқып тұрған имамның үстіне мысық секірген сәттің видеосы тарады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап. 

Бұл таңғаларлық оқиға Алжирде болған.

Басылым мәліметінше, түнгі тарауих намазының тікелей эфирінде Алжирдегі мешітте имам Уәлид Мехсастың үстіне мысық секірген сәт түсірілді. Видеода имам намаз оқуын тоқтатпай, бір қолымен мысықты ұстап, екінші қолымен оны сипайды. Кейін мысық Мехсастың иығына шығып алады.

Жаңалықтар | Новости