Суббота, 4 мая, 2024

Басқада

Ғалия Қайдауылқызы: «Ғылым саласының орны бөлек»

Бүгін елімізде ғылым күні! Осы орайда елімізде ғылым саласына Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жете көңіл бөлініп келеді. Салада көптеген реформалар жасалып, түрлі заңдар да қабылданды. Нәтижесінде еліміздің ғылым саласы жыл санап санып келеді.

Соның бір айғағы мәселен жақында ағымдағы жылдың 28 наурызында Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді және қазіргі уақытта іске асырылуда.  Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде 2022 жылдан бастап: «Жас ғалым» жобасы бойынша жыл сайын 1000 грант бөлу; әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында жыл сайын 500 ғалымның тағылымдамадан өтуі; жетекші ғалымдардың еңбегіне ақы төлеуді базалық қаржыландыруға 85 ғылыми-зерттеу институтын енгізу; 16 ғылыми ұйымның жабдықтарын жаңғырту қамтамасыз етілді. Мұның барлығы еліміздегі іргелі ғылымды дамыту жолында елеулі шаралар екені даусыз.

Осы орайда ҚР Білім беру ісінің үздігі, білім саласының сарапшысы Ғалия Қайдауылқызына хабарласып, салаға қатысты пікірін білген едік.

Ғалия Қайдауылқызы, ҚР Білім беру ісінің үздігі: «Жыл өткен сайын саланы қаржыландыру деңгей артып келеді. 2021-2023 жылдары республикалық бюджеттен ғылымды қаржыландыру екі есеге жуық өсті . 2023-2025 жылдарға ғылым бюджеті 3,5 есеге ұлғайтылды, атап айтар болсақ барлығы 643 млрд. ғылымға инвестицияланады. Салаға мұндай көңіл бөлінуі еліміздің ғылым саласының болашағы зор екенін айғақтайды. Өзім үшін ғылым саласының орны бөлек.» дейді.

Жаңалықтар | Новости