Пятница, 19 апреля, 2024

Басқада

Астанада мемлекеттік нөмірі ерекше автокөлік көзге түсті

Астанада мемлекеттік нөмірі ерекше автокөлік көзге түсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясының нөміріне оқырман автокөліктің суретін жіберіп, мұндай мемлекеттік нөмірді бұрын-соңды көрмегенін айтып, бұл жайттың мән-жайын анықтауды сұрады.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы Астана қаласының Полиция департаментінен пікір сұрады, себебі «01» — елорда өңірі. Ведомствоның баспасөз қызметі бұл Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметтік нөмірлері екенін хабарлады.

Алынған ақпаратты растау үшін тілшілер ҰҚК баспасөз қызметіне сауал жолдады.

«Иә, бұл ҰҚК Авиация қызметінің автокөліктеріне арналған арнайы жаңа мемлекеттік нөмір стандарты. Оны Ішкі істер министрлігі бекіткен. Мемлекеттік нөмірдегі AQ әріптері — «Авияция қызметі» дегенді білдіреді», — дейді ведомство өкілдері.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл мемлекеттік нөмірлерді ҰҚК органдары беретінін және олардың жеке базасында тіркелетінін растады.

Жаңалықтар | Новости