Пятница, 29 марта, 2024

Басқада

«Мектеп медиациясы қызметін қалыптастыру және дамыту», «Оқушы медиатор» тақырыбында семинар өтті.

Бүгін, Қонаев қаласындағы Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектепте, Алматы облыстық «Ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Мектеп медиациясы қызметін қалыптастыру және дамыту», «Оқушы медиатор» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Құқық және экономика жоғары мектебінің заң ғылымының кандидаты, оқытушы-дәріскер, жатықтырушы-медиатор Бақыт Кенесарықызы Чингаева жүргізді.
Мектеп медиациясы – білім беру процесіне қатысушылар арасындағы дау-жанжалды медиатор-бітімгердің қатысуымен неғұрлым тиімді түрде шешеді.
Семинардың мақсат-міндеті: білім беру саласында, оқу-тәрбие жұмысында оқушылар немесе ұстаз бен шәкірт арасындағы даулар мен жанжалдарды шешудің өркениетті формаларын үйрете отырып, дау-жанжалдар туындаған жағдайда екі тарап арасында келіссөз жүргізу, көмек көрсету.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың жанжалдарын, заңға қайшы іс-әрекеттерін бітімгерлік жолымен шешу. Оқу-тәрбие процесіне медиативтік құзыреттілікті интеграциялау. Ағарту іс-шараларын ұйымдастыру және білім беру үдерісіне қатысушыларды қалпына келтіру медиацияның тікелей миссиясы. Сондай-ақ, медиацияның қағидаттары мен технологиялары туралы хабардар ету.
Іс шараға 7-11 сынып оқушылары және ұстаздар қатысты. Топ-топқа бөлініп медиация-бітімгерлік жолмен туындаған жағдайды шешу процесіне қатысып, жүктелген тапсырмаларын тиянақты орындап шықты.

Семинарға облыстық, қалалық білім басқармасы мамандары, ұстаздар, заңгерлер және
Қонаев қалалық ақсақалдар алқасының ,Ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен Аналар кеңесінің төрайымы қатысты. Тәлім-тағылымы мол іс шара жоғары деңгейде өтті.
Адам өмірінде сан түрлі жағдайлар кездеседі. Семинарға қатысып, мол мағлұмат алып тарқасқан қатысушылар болашақта туындаған тосын дау-дамай жағдайларында білім-біліктіліктерін танытады деген сенімдеміз.

Жаңалықтар | Новости