Вторник, 23 апреля, 2024

Басқада

62 жастағы әйелдің өт қабынан 1730-дан астам тас алынды

Пациент Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасына шұғыл түрде оң жақ қабырға астының ауырсыну белгілері, жүрек айну, құсу, ауыздың құрғап кету шағымдармен түсті. Пациенттің айтуынша, бұрын тексеруден өтпеген. №7 ҚКА жағдайында жан-жақты тексерулерден өткізгеннен кейін диагноз қойылды: Өт тас ауруы. Жіті калькулозды холецистит. Келесі күні, алдын-ала жүргізілген дайындықтан кейін, жалпы анестезиямен, заманауи аз инвазивті технология бойынша – «Лапароскопиялық холецистэктомия» операциясы жасалды.
«Өт қабын алып тастағаннан кейін диаметрі бірнеше мм-ден 1,5 см-ге дейінгі 1735 конкремент алынды»- деп хабарлады №7 ҚКА-ның баспасөз қызметі.
«Бұл операция менің рекордымды жаңартты — бұл жолы 1730-дан астам тас табылды-бұл тек өт қабында. Денсаулықты сақтау және өт-тас ауруларына байланысты асқынулардың алдын алу үшін профилактикалық және скринингтік тексерулерден уақытылы өтуге кеңес беремін. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!» ,- деп атап өтті журналистерге берген сұхбатында, операциялық топтың жетекші хирургы профессор Мұса Меңдібайұлы Сахипов.
Операция сәтті жасалды, операциядан кейінгі 4-ші күні пациент жай-күйі қанағаттанарлық жағдайда үйіне шықты, амбулаториялық бақылауға алынды.
Өт тас ауруы дегеніміз не?
Өт-тас ауруы — өт қабында, жалпы өт жолында және бауыр өт жолдарында тастардың пайда болуымен сипатталатын гепатобилиарлы жүйенің ауруы, ауыр және жиі ауыр асқынулардың әртүрлі вариациялары бар.
Өт тас ауруының белгілері: Өттас аурулары көп қырлы және жасырын ауру, ұзақ уақыт бойы белгі бермеуі мүмкін, нақты ешқандай клиникалық белгілері жоқ. Айқын симптомдар қуықтың немесе өт жолдарының конкременттермен бітелуі кезінде анықталады. Өттің түйілуі-өт тас ауруына тән белгілердің бірі.
Ілеспе белгілер: жүрек айнуы мен құсу, жүрек соғу жиілігінің төмендеуі немесе жоғарылауы, қан қысымының ауытқуы, дене температурасының шамалы көтерілуі, үлкен дәретке жалған шақыру немесе ішектің кебуі.
Жіті холецистэктомия мен жоспарлы түрде орындалатын холецистэктомияны ажыратыңыз (ремиссия кезеңінде, симптомдар болмаған кезде).
Лапароскопиялық жоспарлы холецистэктомияның бірқатар артықшылықтары бар, мысалы, асқынулардың минималды жиілігі, операциядан кейінгі кезеңде аздап ауырсыну синдромы, жақсы косметикалық нәтиже, тезірек қалпына келтіру. Сондықтан жоспарлы тексерулерден өтіп, дәрігерге уақтылы қаралу маңызды!

Жаңалықтар | Новости