Пятница, 21 июня, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

«Достарының әсері болды»: Сиви Махмуди 10 жыл бірге тұрған күйеуімен не үшін ажырасып кеткенін алғаш рет айтты

Бізде басынан дұрыс басталған жоқ.

Әнші Сиви Махмуди 10 жыл бірге тұрған күйеуімен не үшін ажырасып кеткенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz

Бұл туралы әнші «Менің өмірім» бағдарламасында айтты. 

«Ажырасқалы сұхбат берген жоқпын. Екі жыл өтті. Кішкене шет-жағасын айтып берсем болады деп ойлаймын. Бізде басынан дұрыс басталған жоқ. Кейбіреулер «басы қатты болса, аяғы тәтті болады дейді ғой. Басынан ата-ананың разылығы болмаса, ары қарай да дұрыс болмайды. Себебі ата-ана сезеді, біледі. Басында ата-анам қарсы болды. Ол кісілер білген бойды сұрастырған. Жиырмадан енді асқан кезде тұрмысқа шығып кеттім. 

Шыны керек, он жыл отастық. Ешқандай өкініш жоқ. Тағдырым кинодағыдай болса да, оңай болған жоқ. Қыздар да бар шығар. Бірақ қазақтың жігіттері намысшыл ғой. Достары «әйелің жұлдыз, сен қорқасың ба? Үйден шықпайсың ба?» дегендей айтады ғой. Сол достарының әсері болды. Ортасында дұрысы да, дұрыс емесі де болды. Шыдамның да шегі бар. Үш бала үшін шыдадым. Әрине, жолдасымның да жақсы қасиеттері бар. Түбегейлі жамандамаймын. Бірақ ренжитін кездерім болатын. «Неге маған көңіл бөлмейсің? Үш балаң, ұл десең ұл, қыз десең қыз туып бердім» дегенде «Мен көшеде өскен баламын. Мені байлап ұстай алмайсың. Достарымның арқасында нан жеп жүрмін, күнімді көріп жүрмін. Сенетін ағам, әкем жоқ» дейтін. Басында түсінетінмін. Бірақ түсінгенде де әр нәрсенің шегі бар ғой», — дейді әнші.

Сиви Махмуди енесімен ара-қатынасы жақсы болғанын айтады. Ол ажырасу туралы шешімді өзі қабылдағанын айтады. 

Еске салайық, әнші 2021 жылы 20 желтоқсанда ажырасып кеткенін мәлімдеген болатын. 

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke