Воскресенье, 12 мая, 2024

Басқада

Павлодарда кәрізден шала туған нәресте табылды

Павлодарда кәріз құдығынан шала туған нәресте табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ Telegram-арнасы мәліметінше, Павлодарда кәріз құбырынан шала туған ер баланың ұрығы табылған.

«20 сәуір сағат 18:15 шамасында Павлодар қаласындағы Бакинская көшесіндегі үйдің кіреберістерінің бірінің жертөле үй-жайында кәріз құбырын тазалау кезінде шала туған ер баланың ұрығы табылды. ҚР ҚК-ның 100-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», — делінген хабарламада.

Жаңалықтар | Новости