Вторник, 14 мая, 2024

Басқада

Алматы маңындағы қонақүйде 26 жастағы шетелдік әйел өлі табылды

Алматы облысындағы Қарасау ауданындағы қонақүйлердің бірінде 26 жастағы өзбекстандық әйелдің денесі табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 20 сәуірде сағат 14.25-те қайғылы оқиға туралы полицияға хабар түскен.

«Қылмыстық құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі — «Адам өлтіру» бойынша Қарасай ауданының ЕҚДБ-да тіркелді. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша жүргізілген тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша 34 жастағы ер адам ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы санкцияланды», — дейді облыстық ПД басшысы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.

Жаңалықтар | Новости